"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс
Ғылым – логиканың кілті

Ғылым – логиканың кілті

2025 жылдың 10–14 қараша күндері мектебімізде математика, информатика және физика пәндеріне арналған «Ғылым – логиканың кілті» атты апталық ұйымдастырылды. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру болды. Әр күн мазмұнды іс-шараларға толы болып, оқушылар белсенділігін арттыра түсті.

Апталықтың алғашқы күні мектептің І қабатында ресми ашылу салтанатымен басталды. Ашылу барысында пән мұғалімдері апталықтың мақсат-міндеттерін таныстырып, оқушыларды алда күтетін қызықты іс-шаралармен таныстырды және оқушылармен түрлі логикалық тапсырмалар орындатылып, ойындар жүргізілді.

10 қараша күні информатика пәнінің мұңалімі Е.Т. Ертышпаевтың ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушылары үшін «Бір оқ-бір мүмкіндік» атты киберспорттық жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар командалық түрде сайысып, тактикалық ойлау мен жылдам әрекет ету дағдыларын көрсетті.

11 қараша күні Қарсақбаев Қ.Р. жетекшілігімен 5–11 сыныптар арасында «LogicUp» интеллектуалдық турнирі өткізілді. Турнирге қатысушылар түрлі логикалық есептерді шешу арқылы өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті.

     12 қараша күні математика пәнінің мұғалімі Байзахова Г.Р. 6 «Ә» сыныбында «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбында математикадан пәнінен ашық сабақ өткізді. Ал түстен кейін Ертышпаев Е.Т. мен Бейсенбай Е.Н. мұғалімдерге арналған «Мульти-кадр сиқыры» атты шебер-сыныбын ұйымдастырды. Шеберлік сабағы мұғалімдерге жаңа цифрлық құралдармен жұмыс істеу мүмкіндігін беріп, кәсіби дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосты.

13 қараша күні 7 «Ә» сыныбында Бейсенбай Е.Н. «Заттың тығыздығы және тығыздықты өлшеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тығыздықты есептеу, өлшеу құралдарын қолдану және тәжірибелік жұмыстар орындау арқылы өз білімдерін нығайтты.

14 қараша күні апталықтың ең белсенді күндерінің бірі болды.  Сағымбай А.М. ұйымдастырған 6-сыныптар арасындағы робототехника жарысы өтті. Оқушылар өз жобаларын қорғап, модельдеу барысында қолданған техникалық шешімдерін түсіндірді. Ал Шулгауова С.Ж. жетекшілігімен Рубик кубигін жинау бойынша «Кубо-брейн» мектепішілік ІІ чемпионаты ұйымдастырылды. Қатысушылар кубикті жылдам әрі дұрыс жинау бойынша өзара сайысты.

Апталық бойы үлкен үзіліс кезінде ӘБ мұғалімдерімен «Көңілді үзіліс» айдары аясында түрлі логикалық ойындар ұйымдастрылды. Сонымен қатар     5-8 сыныптар  арасында МИФ пәндерінен «Көңілді ғылым әлемі» мем-плакаттар сайысы өткізілді.

Апталықтың қорытындысында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, апталық ресми түрде жабылды. Барлық іс-шаралар жоспарға сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылардың пәнге, логикалық ойлауға,  зерттеушілік және шығармашылыққа қызығушылықтары  артты.