КГУ "Общеобразовательная школа № 32 отдела образования города Костаная"
Официальный интернет-ресурс

«Зерде» ғылыми жобалар байқауының қорытындысы

Мектебімізде жоспар бойынша дәстүрлі «Зерде» ғылыми жобалар байқауының мектепішілік және қалалық кезеңдері ұйымдастырылып, өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Мектепішілік кезеңге 20 оқушы қатысып, барлығы 18 ғылыми жоба ұсынылды. Қатысу көрсеткіштері мен нәтижелер төмендегідей:

  • 2-сыныптар: 85 оқушының ішінен 5 оқушы мектепішілік кезеңнен өтіп, қалалық кезеңге қатысты. Олардың 2-еуі жүлделі орындарға ие болды.
  • 4-сыныптар: 55 оқушы арасынан 2 оқушы қалалық кезеңге жолдама алып, екеуі де жүлделі орындармен марапатталды.
  • 5-сыныптар: 52 оқушының 4-уі қалалық кезеңге өтті.
  • 6-сыныптар: 57 оқушыдан 6 оқушы қалалық кезеңге қатысып, оның 4-еуі жүлделі орындарға ие болды.
  • 7-сыныптар: 39 оқушының 3-уі қалалық кезеңге жолдама алып, 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Қалалық кезеңнің жүлдегерлері

II орын иегерлері:

  • Әсетұлы Ридуан (7 сынып) — жетекшісі Жалғасбай Ақкүміс Серікбайқызы
  • Бораншина Малика, Ермағамбетова Айару (6 сынып) — жетекшісі Абдимоминова Дилдаш Каппаровна
  • Бактыбаева Амина (4 сынып) — жетекшісі Кашиева Алина Совхозбаевна
  • Нұртайқызы Іңкәр (4 сынып) — жетекшісі Каирова Анар Есенбаевна

III орын иегерлері:

  • Хусаинов Ришат (6 сынып) — жетекшісі Нурмаганбетов Бейімбет Алибекович
  • Сәбит Нұрасыл (2 сынып) — жетекшісі Мухтангалиева Махаббат Касенхановна
  • Қабаш Інжумаржан (7 сынып) — жетекшісі Серденбаева Умуткуль Сапаровна
  • Шукур Камила (7 сынып) — жетекшісі Ескатова Алтын Болатовна
  • Жумагалиева Меруерт (2 сынып) — жетекшісі Абдуахитова Лена Абдигалимовна
  • Тұрсынбек Ақерке, Тұрсынбек Назерке (2 сынып) — жетекшісі Ауезханова Мирамгуль Жумагалиевна

Байқау нәтижесінде облыстық кезеңге өткен оқушылар жоқ.

Түзету жолдары

Байқау нәтижелерін сараптай отырып, келесі бағыттар бойынша жұмыс қажет деп анықталды:

  1. Ғылыми жобалардың мазмұнын жетілдіру: тақырыптардың өзектілігін арттыру, зерттеу сұрағын нақты қою, гипотезамен жұмыс дағдыларын дамыту.
  2. Оқушыларды әдістемелік қолдау: зерттеу жоспарын құру, деректер жинау, тәжірибелер жүргізу дағдыларын үйрету мақсатында қосымша кеңес беру сабақтарын ұйымдастыру.
  3. Жетекші педагогтардың біліктілігін арттыру: ғылыми жобалау әдістемесі бойынша семинарлар мен тренингтерге қатысуын қамтамасыз ету.
  4. Қалалық кезең талаптарын талдау: жоғары нәтиже көрсеткен жобаларды үлгі ретінде қарастырып, мектепішілік кезеңді бағалау критерийлерін нақтылау.
  5. Дарынды оқушылармен жекелей жұмыс: қабілетті оқушыларды ерте кезеңнен анықтап, жыл бойы тұрақты ғылыми қолдау көрсету.

Келесі жылға жоспар

  1. «Оқушылардың ғылыми қоғамдастығы»  жұмысын жүйелі түрде жүргізу, аптасына кемінде бір рет тұрақты ғылыми-зерттеу сабақтарын өткізу.
  2. ОҒҚ  бағыттар: жоба жазу, презентация дайындау, эксперимент жүргізу, ақпаратты талдау.
  3. Мектепішілік іріктеу кезеңін ерте бастау (қыркүйек–қазан аралығы), жобаларды толық әзірлеуге мүмкіндік беру.
  4. Қалалық және республикалық деңгейдегі жүлделі жобаларды зерделеу, оқушыларға үлгі ретінде таныстыру.
  5. Ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру, ғылыми жобада отбасының қолдауын күшейту бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  6. Жобаларды қорғау дағдыларын дамыту: сөйлеу мәдениеті, ғылыми тілде баяндау, сұрақтарға жауап беру бойынша тренингтер ұйымдастыру.
  7. Әдістемелік топ құру (пән мұғалімдері, ғылыми жетекшілер), олардың үйлестіру жұмысын күшейту.